
Ойдене нұсқаушылары курсы кімдерге арналған?
🚫 Өзің жаттығасың, бірақ оны өзгеге үйрете алмайсың
Дағдың бар, бірақ топпен сабақ жүргізу тәжірибесі жоқ.
📉 Өзіңнің білімің арқылы табыс тапқың келеді
Спорттағы көп жылғы тәжірибең болғанымен, одан тұрақты табысқа әлі қол жеткізе алмадың.
🥋 Жекпе-жек өнерін жақсы көресің, бірақ сабақ беруге батылың жетпейді
Саған талант емес, сенімділік, дұрыс әдістеме және жүйе жетіспейді.
👥 Өз тобыңды жинап, өзің үшін жұмыс істегің келеді
Басқаның залына немесе кестесіне тәуелді болудан шаршадың.
🏆 Спортшыларды жарыстарға дайындағың келеді
Техниканы білесің, бірақ оқушыны аттестация мен спорттық дәрежеге дейін қалай дұрыс дайындауды білмейсің.
⏳ Білімің бар, бірақ оны түсіндіру қиын
Тәжірибең мол, алайда оны жаңадан бастағандарға жеткізуге жүйе жоқ.
Өзіңді таныдың ба?
«Ойдене нұсқаушысы» курсы — тәжірибеңді кәсіби нұсқаушылыққа айналдыратын дайын жүйе
Курс кімдерге арналған?
Курс кімге сәйкес келеді

1. Спортшылар мен жекпе-жек практиктерге
Жаттығудан оқытуға ауысқысы келетіндер және нұсқаушы ретінде дамығысы келетіндер.

2. Қазіргі жаттықтырушыларға
Ойдене жүйесі бойынша жұмыс істегісі келетіндер үшін және олардың дайындық деңгейін жоғарылатқысы келетіндер үшін.
Ойдене бапкерлер курсы — бұл дайын жүйе
Сізді 3 ай ішінде бапкер ретінде нақты жұмысқа шығаратын жүйелі дайындық.
Нақты әдістеме
Жаттығуды қалай дұрыс өткізу керегін нақты түсінесіз
Жүйелі оқу
Қадам-қадаммен бапкерлік деңгейге шығасыз
Практика
Теорияны бірден тәжірибеде қолданасыз
Нақты нәтиже
Курс соңында жаттығу өткізіп, өз тобыңызды бастай аласыз
Бұл курс сізді тек үйретіп қана қоймай,
нақты бапкер ретінде жұмыс істеуге дайындайды.
Курс соныңда сіз:
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама 12 аптаға бөлінген және сізді кезең-кезеңмен бапкер деңгейіне шығарады
-
Аптасына 1 модуль
-
Бейне сабақтар
-
Практикалық тапсырмалар
-
Кураторлық тексеру және кері байланыс
БАҒДАРЛАМА (12 апта)
1-кезең: Негіз (1–4 апта)
Бапкердің рөлі мен сабақ құрылымын түсінесіз
Жаттығуды жоспарлауды үйренесіз
Топпен жұмыс істеудің негіздерін меңгересіз
2-кезең: Әдістеме және жүйе (5–8 апта)
Қауіпсіздік пен жарақаттың алдын алу
Әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс
Жаттығу процесін дұрыс ұйымдастыру
Аттестация жүйесін түсіну
3-кезең: Практика және іске шығу (9–12 апта)
Жарыстарға дайындау
Сабақ өткізу практикасы
Қорытынды емтихан
Өз тобыңызды бастау және жұмысқа шығу
Курс түлегі не алады?
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін түлек алады:
1. Курс аяқталғаны туралы куәлік
Ойдене нұсқаушыларын даярлау курсын сәтті аяқтағанын және оқу бағдарламасын толық меңгергенін растайды.



2. Ойдене Федерациясының жаттықтырушы лицензиясы
Ойдене жүйесі бойынша қызмет жүргізу құқығын береді. Лицензияның алғашқы жылы курс құнына кіреді және қосымша төлемді қажет етпейді.

3. Ойдене нұсқаушысының куәлігі
Фотосуреті және жеке ID-нөмірі көрсетілген Федерацияның ресми жаттықтырушы куәлігі.

4. 8-деңгейге дейінгі аттестациялар
Ойдене бағдарламасы бойынша 8-деңгейге дейінгі барлық аттестациялар курс құнына енгізілген. Оқу қорытындысы бойынша атаулы 8-деңгей белбеуі беріледі.

5. Ойдене формасы
Жаттығулар, сабақтар және практикалық дайындық өткізуге арналған Ойдене Федерациясының ресми жаттығу киімі мен арнайы спорттық аяқ киімі.


6. Ойдене нұсқаушысының жетекші құралы
Курс материалдарының негізгі мазмұнын, әдістемелік ұсынымдарды және жаттықтырушының әрі қарайғы жұмысына арналған практикалық құралдарды қамтитын нұсқаулық.


Курс нұсқаулығы
![IMG_20221116_151134_118[1]_edited_edited_edited.jpg](https://static.wixstatic.com/media/ca3fee_cba5ce97c5584210877db062a6fb8c3e~mv2.jpg/v1/fill/w_403,h_334,al_c,q_80,usm_0.66_1.00_0.01,enc_avif,quality_auto/IMG_20221116_151134_118%5B1%5D_edited_edited_edited.jpg)
Курс жетекшісі
Рысбай Серік Қуанышлы
"Ойдене федерациясы" РҚБ президенті, 6 дәрежелі қара белбеу. Бапкерлік тәжірибесі - 30 жылдан астам. Жоғары спорттық білім, дәрежесі-магистр.

Куратор
Отарбай Адильхан
"Астаналық Ойдене Федерациясының" Президенті, 2 дәрежелі қара белбеу. Бапкерлік тәжірибесі-8 жылдан астам. Жоғары спорттық білім.
КУРС ҚҰНЫ
300 000 ТГ
Ойдене нұсқаушылар курсы
Құнына толық кіреді:
-
Толық оқу бағдарламасы (12 апта)
-
Бейне сабақтар және әдістемелік материалдар
-
Кураторлық сүйемелдеу (оқу барысында толық қолдау)
-
Практикалық тапсырмалар және тексеру
-
Барлық аралық аттестациялар. 8-деңгей бойынша қорытынды емтихан, атаулы белбеу (8 деңгей)
-
Финалдық емтихан
Ай сайынғы топқа қабылдау әр айдың 1-күні басталады, барлығы 20 орын.
Өтінімде рді қабылдау тұрақты түрде ашық. Курс ай сайын жаңа топпен басталады. Ай сайынғы топқа қосылу үшін өтініміңізді алдын ала қалдырыңыз. Топтағы орын саны шектеулі (куратор әрбір қатысушының тапсырмаларын жеке тексереді).
Қосымша төлем жоқ
Бөліп төлеу мүмкіндігі бар
Курсқа қалай түсуге болады
Қабылдау процесі бірнеше кезеңдерді қамтиды.
1. Өтінім беру
Сайттағы нысанды толтырыңыз және өзіңіз туралы негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
2. Өтінімді қарау
Федерация өтінімді қарастырады және сәйкестігін тексереді.
3. Қатысуды растау
Егжей-тегжейлерді нақтылау және қабылдауды растау үшін менеджер сізбен байланысады.
4. Оқу ақысы
Расталғаннан кейін курсты төлеу керек.
5. Оқытудың басталуы
Тіркелгеннен кейін Сіз курс материалдарына қол жеткізе аласыз және оқуды бастайсыз.
Курсқа қабылдау үміткердің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін жүзеге асырылады.
Талаптар
Үміткерлерге қойылатын талаптар
-
18 жастан жоғары
-
спорттық жекпе-жек дағдылары
-
соттылықтың болмауы
-
денсаулық жағдай жарамды
Курс нұсқаушыларды даярлауға бағытталған, сондықтан үміткерлерден оқытуға жауапкершілікпен қарау талап етіледі.
