2026-2027 оқу жылының бірінші жарысы
Updated: Oct 13

2026 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласында, Тараз көшесі 2 мекенжайындағы «Ойдене-Файт» залында Ойдене аралас жекпе-жегі бойынша «ОйденеФайт» ашық турнирі өтті.
Жарысқа төрт клубтың — «Ойдене-Файт», «Арлан», «Шанырак» және «Айбат» клубтарының 49 спортшысы қатысты. Қатысушылар 2010–2011, 2012–2013, 2014–2015 және 2016–2017 жылы туған төрт жас тобында және 18 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үш және одан аз қатысушысы бар салмақ дәрежелерінде жекпе-жектер айналмалы жүйемен, төрт қатысушысы барларында олимпиадалық жүйемен өтті.
Турнир қорытындысы бойынша 46 жүлде табысталды: 18 алтын, 18 күміс және 10 қола медаль. Үш спортшы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» грамотасымен марапатталды: Жаймаганбетов Аян, Шолпан Нұрасыл және Сайлаубек Арнур.
Клубтар бойынша медальдар:
- «Арлан» — 10 алтын, 4 күміс, 3 қола (барлығы 17)
- «Шанырак» — 4 алтын, 6 күміс, 4 қола (барлығы 14)
- «Ойдене-Файт» — 3 алтын, 8 күміс, 3 қола (барлығы 14)
- «Айбат» — 1 алтын
Алтын медаль иегерлері:
2016–2017 ж.т.: Габдулла Алдияр, Сагалов Арлан, Болатғали Әлһам, Ералы Адият.
2014–2015 ж.т.: Сабыр Расул, Ермек Айсултан, Жолдасбекулы Бексултан, Марат Айсұлтан, Талгат Алдияр.
2012–2013 ж.т.: Куанышбеков Рауан, Саршин Ануар, Марат Досмухаммед, Нурсеитов Мадияр, Мұқан Ғабит, Ден Глеб.
2010–2011 ж.т.: Сулейменов Абылайхан, Асхат Мансур, Жумали Нурали.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Турнирді ұйымдастыруға көмектескен төрешілер алқасына, дәрігерге, жаттықтырушыларға және қатысушылардың ата-аналарына алғыс айтамыз.
Келесі жарыс — 2026 жылғы 15 қарашада Астанада өтетін Ойдене күресі бойынша қалалық турнир. Қатысуға ниет білдірген клубтар мен спортшыларды күтеміз.






Comments